Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полициясында гарнизондық жиын өтті

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, қызметкерлердің мезгілге сай нысанды киім-кешегінің болуын, қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің жазғы нысандағы киім үлгісіне өтуін, сыртқы келбетін тексерген өңірдің бас полицейі қызметкерлердің жұмыс уақыты мен заңға сәйкес берілген міндеттерді орындауы қадағалауда екенін жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша жеке құрамның бірқатар жауапты басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Гарнизондық жиын соңында М.Қабденов жеке құрамды қызметтік міндеттерін адал атқаруға, құқық бұзушылық пен қылмысқа жедел ден қоюға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және ең бастысы – қызмет атқару кезінде азаматтарға құрметпен қарауға бағыттады.

Іс-шара соңында салтанатты шеру өтіп, жеке құрам патрульдеу маршруттарында қызмет атқаруға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру