Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері есірткіні жасырын қойып кетушіні құрықтады

Жетісу облысының полицейлері Жаркент қаласында есіртікіні жасырын қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаркент қаласында синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

– Күдікті Volkswagen Passat автокөлігімен жүрген. Тексеру кезінде одан екі бумаға оралған есірткі табылды. Автокөлікті іздеу барысында ұнтақ тәрізді зат салынған тағы екі бума тәркіленді. Күдіктіден жауап алу барысында ол бір күн ішінде Жаркент қаласының аумағында сатуға дайындалған 90 есірткі орамасын жасырғанын мойындады, – дейді ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жүргізілген сараптама тәркіленген өнімнің мефедрон екенін анықтады. Мән-жайларды тексеру барысында ер адам Алматы облысынан сатуға дайындалған синтетикалық есірткіні жасыру үшін келгені белгілі болды.

– Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды, – деп атап өтті М. Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру