Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жолда көлігі бұзылып қалған шымкенттік әйелге көмектесті

Түркістан полицейлері жолда көлігі бұзылып қалған шымкенттік әйелге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Елмұрат Қожасов жолаушылардың қауіпсіздігі үшін күні-түні аянбай қызмет ететіндерін атап айтты.

– Біздің қызметіміз жалпы жол бойында өтеді. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қызметтеміз. Жол қозғалысы ережесінің сақталуын қадағалап, болуы мүмкін жол апаттарының алдын аламыз. Жол ережесін бұзушыларға ескерту беріп, әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шараларды қолданамыз. Мұндағы біздің мақсат – айыппұл салу емес, барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, жүргізушілерді жол ережесін, мәдениетін сақтауға дағдыландыру. Одан бөлек тіпті жол бойында бұзылып тұрған көліктерге көмек көрсетіп, жүргізушілердің үйлеріне аман-есен баруы бағытында жұмыстар атқарамыз. Көбіне көліктердің жанармайы таусылып қалады, суы қайнап кетеді, дөңгелегі жарылып қалады дегендей. Өткенде ғана көлігі бұзылған бір әпкемізге жәрдем бердік. Әрбір жолаушының амандығы – бұл біздің міндетіміз, – дейді Елмұрат Қожасов.

Е.Қожасов айтқан жайттың бірі Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 743 шақырымында болған. Патрульдеуге шыққан полицейлер аталмыш жол бойында Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі жүксалғышты ашып, көлігін жөндемекші болып тұрғанын байқап қалады. Содан Түркістан облысы ПД ЖПҚ ППБ-ның аға инспекторы Бекболат Бижанов, қызмет инспекторы Нұрсейіт Аденбаев, взвод командирі Елмұрат Қожасов бірден автокөлік жанына жақындаған.

Әйелден жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп сұрайды. Анықталғандай, жүргізуші әйел көлігінен өзгеше дыбыстар шығып, жүруі қиындаған соң тоқтаған. Не болғанын біле алмай, өзі көлігін ары-бері қарап шыққан. Оқиғаның мән-жайына қаныққан тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, аталған көліктің бұзылған жерін анықтауға кірісті.

Содан көліктің амортизаторына жолда жатқан темір кіріп, зақым келгені белгілі болды. Ал полицейлер осы темірді алу үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жасады.

– Жол бойында көлігім бұзылып қалды. Ары-бері зулап көліктер өтіп жатты. Ал полицияның қызметтік көлігі бірден тоқтап, жағдайымды біліп, дереу көмектесті. Өзім Сарыағаштан Шымкентке келе жатқан бетім еді. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін жігіттеріміз көп болсын! Жұмыстары алға бассын, – деп шымкенттік тұрғын Эльмира ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру