Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында “Полиция балалар көзімен” байқауы өткізілді

Жамбыл облысында “Полиция балалар көзімен” байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мен және менің полицейім” республикалық акциясы аясында, сондай-ақ “Балалар жылына” орай кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар Жамбыл облысының 442 мектебінің оқушылары арасында “Полиция балалар көзімен” байқауын өткізді.

Іс-шараға 2800-ге жуық оқушы қатысып, қазылар алқасына полиция қызметінің көрінісін бейнелейтін суреттерін ұсынды.

Байқауды өткізудің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың полицейлердің жұмысына деген қызығушылығын және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, балалардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі тануына жағдай жасау.

Оқушылардың жұмыстары патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметіне, қылмыс пен құқық бұзушылықтың жолын кесуге, қылмыскерлерді ұстауға арналды.

Кейбір шығармаларда тақырыптық өлеңдер оқылды, ал суреттерде барлық сюжеттер көрініс тапты, олардың көпшілігінде полиция кинологтары мен иттері, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлерінің жұмысы түсірілген.

Жалпы, балалардың шығармашылығын талдай отырып, олардың полиция қызметкерлерін көмекшілер және қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтарды қорғаушылар ретінде көретіндігін атап өтуге болады, олар үшін полиция қызметкері тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауда тік тұратындығын көрсеткен.

– Жеңімпаздарды таңдау қиын болды, өйткені біздің облыста дарынды балалар өте көп. Әр жұмыс өзінше керемет. Көптеген балалар өз суреттерінде тек формадағы адамдарды ғана емес, олардың қызметін де бейнелеген. Жас ұрпақтың біздің жұмысымыз туралы хабардар екендігі көңіл қуантты. Ата-аналарға балалардың дұрыс тәрбиесі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғысымызды білдіреміз, өйткені олардың қолдауының арқасында балалар білімге, шығармашылыққа ұмтылады, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ, конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ішкі істер органдарының атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру