Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қаласындағы қылмыстық ахуал бойынша тікелей эфирде брифинг өткізілді

Түркістан қаласындағы қылмыстық ахуал бойынша тікелей эфирде брифинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінің “Instagram” және “Facebook” ресми парақшаларында әр аптаның жұма күндері тікелей эфир арқылы брифинг өткізілуде. Бұл аптадағы брифингтің тақырыбы “Түркістан қаласындағы қылмыстық ахуал туралы”. Аталған шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Селтанов Бауыржан шақыртылды. Іс-шара аясында қазіргі таңда өзгеріп, жаңарып жатқан Түркістан қаласындағы қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар қалың көпшілікке ашық сұхбат ретінде жеткізілді.

Полиция полковнигі Б.Селтановтың айтуынша: – Түркістан қалалық Полиция басқармасымен профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде көпшілік орындарда жасалған қылмыстар 29,8 пайызға, оның ішінде көшелерде жасалғандары 24,6 пайызға, жасөспірімдер және олардың қатысуымен орын алған қылмыстар 34,3 пайызға төмендеген. Сондай-ақ мас халде көлікке отырғандарға қатысты заң қатаңдатылғалы патрульдік полиция қызметкерлерімен түнгі рейдтер жиі өткізілуде. COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында да жұмыстар атқарылып, мыңға жуық карантин режимін бұзу жайттары анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 420 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Құрылған мобильдік топтармен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деп атап өтті.

Брифинг барысында Түркістан қаласын “Қауіпсіз қалаға айналдыру” үшін істеліп жатқан тындырымды тірліктер айтылды. Өз кезегінде желі қолданушылары да жазбаша түрде сауалдарын жолдап, көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Нақтырақ айтсақ, тікелей эфирді 400-ден астам желі қолданушылары қарап, олардан 10-нан астам сұрақтар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың ешқайсысы жауапсыз қалмай, нақты мысалдар келтіре отырып, жауаптар қайтарылды. Айтып өтер жайт, желі қолданушылары тарапынан Түркістан ҚПБ-ның жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдіргендер қатары көп болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру