Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер арасында спорттан жарыс өтті

23 маусым – Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің арасында кең көлемде спорттық жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұл жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстанып, жылдамдыққа, икемділікке бағыттайтын жарыс департамент аппараты және қала, аудан Полиция басқарламаларының арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанатына ПД бастығының бірінші орынбасары Абдуғани Сейдуалиев қатысып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, спорттық сайыста сәттілік тіледі.

Жалпы, Түркістан облысы ПД-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық жарыс 20-21 маусым күндері өтті. Оған Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты қала, аудан полиция басқарма, бөлімдерінен 20-дан астам команда қатысты. Спорттық жарыс: Макаров танашасынан оқ ату, волейбол, гір тасын көтеру, кермеде тартылу, қол күресі, шағын футбол, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өткізілді. “Дені саудың –тәні сау” дегендей, полицейлерден құралған командалар жарыстың алғашқы күнінде-ақ бір-бірінен шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жету үшін барын салды.

Тартысты ойын өрнегін көрсеткен полицейлер арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар алға суырылып шықты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Атап айтсақ, “Макаров тапаншасынан” оқ ату бойынша І-орынды Марат Тұңғатов, ІІ-орынды Мұрат Ермеков, ІІІ-орынды Берік Аманбаев иеленді. Ал волейбол жарысынан “Үздік шабуылшы” номинациясын Самат Дәуленов, “Үздік үйлестіруші” атағын Ерлан Наматуллаев, “Үздік ойыншыны” Болат Ділдахан иеленді.

Гір тасын көтеру бойынша І-орынды Салық Ануаров, ІІ-орынды Евгений Кульков, ІІІ-орынды Ақжігіт Турегелдиев жеңді. Кермеде тартылу жарысында І-орынды Нұрболат Орынбай, ІІ-орынды Бағдат Ақылбеков, ІІІ-орынды Саламат Нұрмағамбетов қанжығалады.

Қол күресінен І-орынды Нұрқанат Утешов, ІІ-орынды Бақытжан Нұрходжаев, ІІІ-орынды Төребек Молдасу жеңіп алды. Шағын футболдан командалық есеппен І-орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жүйрік командасы иеленді. ІІ-орынды оқу-жаттығу взводы, ІІІ-орын патрульдік полиция батальонының тобына бұйырды. Ал “Үздік шабуылшы” номинациясын Сағи Мәди жеңсе, “Үздік қорғаушы” номинациясы Азат Мұсырманқұловқа берілді. “Үздік қақпашы” Бейбіт Ажибаев болса, “Ардагер ойыншы” Ерлан Шәмшат болды. Оған қоса арқан тарту ойыны бойынша І-орынды патрульдік полиция, ІІ-орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, ІІІ-орынды оқу-жаттығу взводы алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру