Түркістанда танысын 1,2 млн теңгеге алдаған тұрғын анықталды
Түркістанда танысын 1,2 млн теңгеге алдаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына саурандық тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп алдын ала 1,2 млн теңгесін жымқырған. Бір жыл бойы не ақшасын, не уәдесін орындамай, алдап жүргенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция басқармаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдікті әйелге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.