Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті қолға түсті

Түркістанда жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі – алаяқтық қылмысы. Сондықтанда облыс полицейлері әккі алаяқтардың жолын кесіп, қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Мәселен, Түркістан қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды. Яғни, Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданды. Оның айтуынша, танысы вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 100 мың теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру