Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 10-нан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік жеткізді

Түркістандық полицейлер 10-нан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының полицейлері мейрам қарсаңында қаншама отбасы мүшелерінің жүзіне қуаныш ұялатты. Яғни, тәртіп сақшылары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында аудандағы 10-нан астам мұқтаж отбасыға қажетті азық-түліктер апарып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Полицейлер жеті баланы өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана А. Құрбанбаеваның жалдамалы пәтеріне барып, арнайы алған азық-түліктерін табыстады. Сондай-ақ, Қ. Есқараев есімді екі баланы жалғыз өзі өсіріп отырған тұрғынның да үйіне арнайы барып, базарлықтарын жеткізді.

Келес АПБ полицейлерінің айтуынша, олар өңірдегі көмекке мұқтаж жандардың тізімін алып, олармен тығыз байланысып, барынша қолдау білдіруге тырысады. Уақытпен санаспайтын жұмыстарынан бос уақыт тауып, өз еріктерімен қаражаттарын жинақтап, осындай игі іске арқау болады.

Өз кезегінде жақсылық жасаудан жарысып, нағыз жомарттық танытқан азаматтарға көпшілік мол сауапқа кенелуді тіледі. Полицейлердің жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілей отырып, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру