Түркістандық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен ұрыны ұстады
Түркістан облысында полиция қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне дүкеніне түнде белгісіз біреудің терезені сындырып кіріп, кассадағы 60 000 теңгені алып кеткені туралы жергілікті тұрғын шағымданған.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Өткізілген жедел – іздестіру іс-шарасының барысында күдікті азамат ұсталды.
Күдікті бұрын ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Тергеу амалдары жүргізілуде.