Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен ұрыны ұстады

Түркістан облысында полиция қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне дүкеніне түнде белгісіз біреудің терезені сындырып кіріп, кассадағы 60 000 теңгені алып кеткені туралы жергілікті тұрғын шағымданған.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша тіркелді.

Өткізілген жедел – іздестіру  іс-шарасының барысында күдікті азамат ұсталды.

Күдікті бұрын ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау)  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру