Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады

Түркістан облысында бөтеннің көлігін заңсыз айдап әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын қарамағындағы қойшысының «»Ауди 100″ маркалы көлігін заңсыз айдап әкеткені туралы шағымданған.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу)  бойынша тіркелді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні 1 тәулікке жетпей Ордабасы ауданынан ұстады.

Тергеу барысында күдікті азаматтың көлікті ішімдік ішкен күйде айдап әкеткені, сондай-ақ Ордабасы ауданында жолдың жағасында тұрған талды соғып, одан соң көлікті тастап қашып кеткені анықталды
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру