Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Атырау облысының полицейлері жыл басынан бері ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаған тұлғаларға қатысты 85 әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаске” іс-шарасы кезінде ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының “Жайсыз отбасы” профилактикалық есебінде тұрған бірқатар тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерді.

Тексеру барысында ” Нұрсая” шағын ауданының  42 жастағы тұрғынының кәмелетке толмаған екі баласының көзінше алкогольдік ішімдік ішкені анықталып, ол наркологиялық сараптамаға жеткізілді.

Сараптама қорытындысы бойынша ішімдік ішкен азаматшаның орта дәрежелі мас күйде екендігі аныкталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына және Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және  білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ күтім жасау және күтіп бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін олардың заңды өкілдеріне қатысты 85 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру