Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Атыраулық полицейлер үш күнде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 40 жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6-8 қазан күндері Атырау қаласында қоғамдық көліктердің жол қозғалысы  ережелерін сақтауын тексеру мақсатында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Үш күнде патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 40-қа жуық әкімшілік хаттама толтырды.

Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпау, ұялы телефон пайдалану, жол жүрісі ережелерін бұзу, жарық беру аспаптарын қоспау, көлік құралын басқару құқығын беретін құжаттарсыз көлікті  басқару, міндетті сақтандырудан жалтару, апатты жағдай туғызу сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзған жүргізушілерге жалпы сомасы 472 260 теңге айыппұл салынды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру