Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жалға алған көлікті сатып жіберген алаяқты ұстады

Түркістандық полицейлер жалға алған көлікті сатып жіберген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы DAEWOO NEXIA автокөлігін 1,2 млн теңгеге сататынын айтқан. Көлікті қарап шыққан тұрғын, оны сатып алмақ болып келісіп, сол мезетте 1,2 млн теңгесін берген. Алайда сатушы бір-екі тірлігі барын айтып, біткен соң автоЦонда кездесіп, аударуға уағдаласқан. Соңында әйел алданғанын біліп, ақшасын алып жоқ болған, түрлі сылтау айтқан күдіктіні ұстауға көмек сұраған.

Оқиға бойынша іске кіріскен полицейлер тыңғылықты тексеру амалдарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары сезіктінің жеке басын анықтап, ер адамды полицияға жеткізді. Ол орта жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде көлік тіпті күдіктінің өзінікі болмай шықты. Яғни, алаяқ аталған көлікті Шымкент қаласындағы автотұрақтардың бірінен жалға алған. Содан ақша қажет болып, соңында сату туралы жалған ақпаратпен ақшалы болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру