Түркістандық полицейлер жергілікті тұрғынның жоғалған бір үйір жылқысын тауып берді
Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымнан тоғыз бас жылқысының жоғалғаны туралы арызданған.
Қарқынды жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше күннен кейін Бәйдібек АПБ қызметкерлері Ордабасы ауданынан жоғалып кеткен жылқы үйірін тапты.
Табылған тоғыз бас жылқы заңды иесіне қайтарылды, жәбірленуші азамат Бәйдібек ауданының полицейлеріне үлкен алғысын білдірді.
«Мен тоғыз бас жылқымды жоғалтып, Бәйдібек ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден жылқыларды іздей бастады және жоғалған малды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! «- деді ауыл тұрғыны полицейлерге.