Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда опа-далап ұрлады деген күдікпен жас қыз ұсталды

Түркістан қаласының полицейлері косметика ұрлады деген күдікпен жас қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне сауда үйлерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғалардың құны 25 мың теңге тұратын косметика ұрлағанын анықтады. Полицейлер бейнебақылау камераларын тексеру кезінде дүкен сөресінен тауар ұрлаған жас қызды байқаған.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Түркістан ҚПБ учаскелік полиция инспекторлары күдіктінің жеке басын анықтады.

Ұсталған қыз облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Күдікті ұрланған косметиканы өз қажеттіліктеріне қолданған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру