Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаған қостанайлық ұсталды

Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаған қостанайлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД қызметкерлерімен интернет ресурстарын мониторингтеу барысында “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде діни алауыздықты өршіту белгілері бар материалдарды жариялаған облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталды.

Азаматтың іс-әрекетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлімі бойынша белгілері көрінуде. Жеке тұлға үшін аталған құқық бұзушылық 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылады.

Ағымдағы жылы ұқсас құқық бұзушылықтар үшін үш Қостанай облысының тұрғындары сот шешімімен жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру