Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ кезінде теміржолда мал жайған тұрғындар жауапқа тартылды

Көлік полицейлері төтенше жағдай кезінде теміржол маңында мал жайған 30-дан астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде төтенше жағдай кезеңінде жүк пойыздарын шұғыл тежеудің 85 фактісі тіркелді, оның 56-сы теміржол төсемінде малдардың болу фактісімен байланысты. Көлік полицейлері теміржол бойында малдарын жайған 30-дан астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мәселен, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөліміне «Дегелең-Май» аралығында жүк пойызының машинисі теміржолда сегіз бас ірі қара малының болуына байланысты шұғыл тежеу жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Басып кетудің алды алынды.

Павлодар станциясының жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері мал иелерінің Павлодар облысының 27 және 48 жастағы тұрғындары екенін анықтады.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1-бөлігі (темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу)бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларға  5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Осыған ұқсас жағдай «Тоғай-Ерейментау» аралығында да орын алды. Жүк пойызының машинисі теміржол төсемінде малдардың болуына байланысты шұғыл тежеу жасаған. Алайда, басып кету орын алып, үш бас жылқыны қағып кеткен.

Поездың жоспарланбаған тоқтау уақыты 19 минутты құрады.

Жүргізілген іс-шаралар барысында малдардың иесі Ақмола облысының 42 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру