Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ режимін сақтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр

Қызылордада төтенше жағдайдың талаптарын әлі де бұзуда, 17 жеке тұлға той-томалақ жасаса, 28 азамат рұқсатсыз блок-бекетті айналып өткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел өмірінде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты және облыс бойынша індеттің тез таралуына Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің 7 сәуірдегі кезекті №7 қаулысына сәйкес, облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 8-не қараған түні сағат 00:00-ден бастап тұрғындар мен көлік қозғалысына шектеулер қойылды.

Алайда облыс тұрғындары қойылған талаптарды орындамай 28 азаматтың рұқсатсыз блок-бекетті айналып өткені анықталды (Арал-11, Қазалы-4, Қармақшы-1, Байқоныр Өкілдігі-12).

Төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық, барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынса да 17 жеке тұлға үйлерінде 50 астам адам жинап той-томалақ жасаған (Қызылорда-2, Арал-2, Қазалы-5, Қармақшы-3, Жалағаш-1, Шиелі-2, Жаңақорған-2).

Облыстың барлық тұрғындарының 21:00 сағаттан 06:00 сағатқа дейін жүруіне тыйым салынған, дегенмен 19 адам еш себепсіз көрсетілген уақыт аралығында үйлерінен тыс жерде болған (Қызылорда-9, Арал-4, Шиелі-2, Жаңақорған-4).

Күнделікті жүргізілген түнгі рейд барысында, облыс бойынша 425 кафе-мейрамханалар тексеріліп, нәтижесінде облыс бойынша төтенше режімін бұзған 228 құқық бұзушылық анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Нәтижесінде сот шешімімен 87 кафе иелерімен жеке үй тұрғындары бес және жеті тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынса, 74 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.            

Осы ретте, Қызылорда облысының Полиция департаменті құқық қорғау органдарының ісәрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру