Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінің ауласында есірткі өсірген қызылордалық ұсталды

Үйінің ауласында есірткі өсірген қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2 маусым күні өз үйінің ауласында 11 түп сора өсірген қала тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан сора және оны баптап өсіруге арналған құрал-саймандарды айғақ зат ретінде тәркіледі.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру