Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның қызметтік иттері халықаралық көрмеде өнер көрсетті

Алматы қаласында иттердің халықаралық көрмесі өтті. Бұл іс-шараны “Элита ДОСААФ” клубы ұйымдастырды. Байқауға ҚР Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің кинологтары қызметтік иттерімен қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай іс-шаралар әркез көпшілікті төрт аяқты жануарлардың әртүрлі тұқымдарымен таң қалдырады.

Жарыс нәтижелері бойынша топтың аға нұсқаушысы сэӘсет Жұмашевтің Слейт атты қызметтік иті бельгиялық овчарка (малинуа) тұқымы арасында Еуропаның абсолютті чемпионы және Болгария чемпионы атанды, “R. CACIB-FCE” (Еуропа кинологтары Федерациясының халықаралық сұлулық чемпиондарына резервтік кандидат), “САС-FCE” (чемпиондыққа кандидат) атағын жеңіп алды (Еуропа кинологтар Федерациясының сұлулығы бойынша), “САСІВ” (халықаралық чемпиондарға үміткер), сонымен қатар өзі тектес иттердің ең жақсы өкілі болды.

Кинологиялық орталықтың аға маманы Алексей Мешковтың “қар қасқырлары кланынан шыққан Бен” деген өте қызықты лақап аты бар қызметтік ит голландиялық овчарка тұқымы арасында ашық сыныптың чемпионы атанды, “САСВ-FCE” (Еуропа кинологтар Федерациясының халықаралық сұлулық чемпиондарына кандидат), “САС” (Сұлулық чемпиондарына кандидат) атағын жеңіп алды. Сондай-ақ өз класындағы тұқымның ең жақсы өкілі.

Өз кезегінде Кинологиялық орталықтың 2-оқу взводының курсанты, қатардағы жауынгер Елдар Қалибековтың Радиана атты қызметтік иті бельгиялық овчарка (малинуа) тұқымының ұрғашы иттері арасында ашық сынып чемпионы атанды, “САС” (Сұлулық бойынша чемпиондыққа кандидат), “САСІВ” (Сұлулық бойынша халықаралық чемпиондарға кандидат) атағын жеңіп алды, сондай-ақ “Тұқымның ең жақсы аналағы” атағын иемденді.

Байқау жеңімпаздарына арнайы атақтан бөлек жем, тостаған, жаттығу ойыншықтары және түрлі қажетті заттар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру