Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық жауынгер халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Ұландық жауынгер халықаралық турнирде жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21-23 наурыз аралығында Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласында ересектер арасында самбо спортынан халықаралық турнир өткізілді.

Аталмыш бұл сайысқа Беларусь, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия және тағы басқа мемлекеттерден келген 250-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында Азия, Еуропа, әлем чемпионатарының жеңімпаздары да бар.

Сондай-ақ аталмыш бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал  қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің қызметкері Жандос Утегулов та өз бағын сынаған болатын. Ерлер арасындағы 58 келі  салмақта күш сынасқан ұландық өз қарсыластарына тек жартылай финалда есе жіберді. Ал сайыс қорытындысы бойынша ұландық жауынгер  жүлделі үшінші орынды иеленді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру