Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш күдікті есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды

Алматы облысында бір тәулік ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты бес қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаумен, оны пайдаланумен және өткізумен айналысатын адамдарды құрықтауға бағытталған бірқатар жедел іс-шаралар өткізді.

Атап айтсақ, кеше Талғар ауданында жедел уәкілдер 34 жастағы О. есімді азаматты ұстады. Оның үйінің ауласынан салмағы 300 гр гашиш есірткі заты табылды және тәркіленді. Күдікті азамат бұған дейін де тәртіп сақшыларының назарына іліккен. 2018 жылы ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, Текелі қаласының тәртіп сақшылары тағы бір нашақорды анықтады. Ер адамның өзімен бірге марихуана алып жүргені анықталды. Күдіктінің айтуынша, есірткінің бірнеше жыл пайдаланғандықтан, өз қажеттілігі үшін сақтайды.
Талғар ауданында құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналымына қатысы бар екі дерек анықталды. Қатысы бар екі адам қамаққа алынды және қазіргі уақытта іс өндірісте.
Барлық ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес, яғни (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аясында тәртіп сақшылары аймаққа есірткі жеткізу арнасын да, олардың арасында ықтимал есірткі тұтынушыларын анықтау мақсатында айыпталушылардың қарым-қатынас шеңберін де тексеретін болады.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру