Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үздіктер додасы: Қарағанды академиясында қос байқау бастау алды

26 наурызда Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Қарағанды академиясының базасында “Үздік тергеуші” және “Үздік заңгер” байқаулары аясындағы іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Үздік тергеуші" байқауына аумақтық полиция департаменттерінің, ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің және өзіндік қауіпсіздік департаментінің 23 қызметкері қатысуда. Ал "Үздік заңгер" байқауына Астана және Қарағанды қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ академия курсанттары қатысып жатыр.

Байқаудың алғашқы күні мазмұнды бағдарламаға толы болды. Атап айтқанда, ресми ашылу рәсімі, бейнеқұттықтаулар, тестілеу, брейн-ринг, блиц-турнир, эссе жазу, сондай-ақ атыс даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ұйымдастырылды.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне тәжірибелі қызметкерлер оқиға орнын қарау бойынша шеберлік сабағын өткізіп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану тәсілдерін көрсетті.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар қойылған міндеттерді сәтті орындап, кәсіби даярлықтың, білім мен тәжірибелік дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.

Іс-шара іскерлік әрі сындарлы атмосферада өтіп, алдағы бәсекелестік кезеңге берік негіз қалап, үздік қатысушыларды анықтауға жол ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру