Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Вольфрам құрылғыларын ұрлаған азамат сотталды

Қызылордада зауыттан қымбат вольфрам құрылғыларын ұрлаған азамат сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны сот үкімімен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ұрлық жасаған күдікті өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы зауыттардың бірінен жалпы құны 3 млн 100 мың теңге тұратын 11 дана вольфрам өзегін ұрлаған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде істеген қылмысын мойындамаған.

Дегенмен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ тағайындалған сот сараптамаларының қорытындылары мен жүргізілген барлық қажетті тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толығымен дәлелденді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру