Заманауи инфрақұрылым: Қостанайда полиция бөлімдері жаңартылуда
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин Лисаков қалалық полиция бөліміне жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар барысында қызмет тиімділігін арттыру және азаматтар мен полиция қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.

Полиция бөлімінде жедел басқару орталығын ашуға дайындық жүргізілуде. Бұл бастама қызметкерлердің жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, бөлімшелер арасындағы өзара үйлесімді жұмысты күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар ғимараттарды жаңғырту және азаматтарды қабылдау жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Бұл өз кезегінде тұрғындар мен полиция қызметкерлері үшін заманауи әрі қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.
