Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңды айналып өтпек болған: Абай облысында жүргізуші жалған нөмірмен ұсталды

Абай облысында мемлекеттік тіркеу нөмірін заңсыз ауыстырған 33 жастағы Hyundai жүргізушісі полицияның назарына ілікті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.

Белгілі болғандай, көліктің бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі Ресей Федерациясына тиесілі болған. Алайда жүргізуші өзге нөмірді пайдалану арқылы көліктің нақты тіркеу деректерін жасыруға әрекеттенген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты анықтап, жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату, осындай нөмірлермен көлік басқару, сондай-ақ нөмірлерді сәйкестендіруге кедергі келтіретін құрылғылар мен материалдарды пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі – көлік құралын сәйкестендіруге арналған маңызды белгі. Оны заңсыз өзгерту немесе жасыру жауапкершіліктен босатпайды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын сақтауға, жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру