Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңды талапқа бағынбай шымкенттік полицейдің погонын жұлып алды

Полицейдің заңды талабына бағынбай, погонын жұлып алған шымкенттік жауапқа тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған.

Осы жайт бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері «Субару» автокөлігінің жүргізушісін арнайы автокөлікке отырғызып, мастығын куәландыру мақсатында наркологиялық диспансеріне алып бара жатқан уақытта, 41 жастағы жүргізуші полиция қызметкерін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлап, погонын жұлып алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiн қорлау) бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру