Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы басталады

1 шілдеден бастап Ақтөбе облысының Полиция департаменті халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акцияны бастайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

– Ақтөбеліктерді қару тапсыру акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Барлық туындаған мәселелер бойынша тұрғындар полиция қызметкерлеріне хабарласа алады. Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырғандар белгіленген ережелерге сәйкес сыйақы алады, – дейді ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Алимагамбетов.

Атап айтқанда, автоматты ойық атыс қаруының әрбір бірлігі үшін сыйақы 100 АЕК-ке дейін құрайды. Ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 50 АЕК-ке дейін (винтовкалар, карабиндер); ойық қысқа ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 40 АЕК-ке дейін (пистолеттер, револьверлер); тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК-ке дейін.Травматикалық тапаншаны немесе револьверді тапсырғаны үшін 10 АЕК – ке дейін, әрбір гранатаға, минаға, жарылғыш құрылғы мен артиллериялық снаряд үшін – 7 АЕК-ке дейін; әрбір 1000 грамм жарылғыш заттар үшін 6 АЕК-ке дейін; калибрлі 5,6 миллиметрден астам патрондар үшін отыз бестен бір АЕК-ке дейін; ойық (ұсақ калибрлі) Қаруға 5,6 миллиметр калибрлі патрондар үшін бір жүз он бесінші АЕК-ке дейін көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру