Зейнеткерлерді алдап жүрген алаяқ ұсталды
Ақтөбе облысында алаяқтар зейнеткерлерді «Президенттік зейнетақы»
беріледі деген сылтаумен алдады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтар зейнеткердің үйіне кіріп, жыл соңында тағайындалған «Президенттік зейнетақы» туралы айтып, оның сомасы 2008 (екі мың сексен) теңгені құрайды деген. Бұл ретте зейнеткерге 10 теңге көлемінде ақша береді, ол зейнеткерге сол жерден 2.08 теңге ал дейді. Содан соң, ақша қаражатының тұрған
жерін көріп алып, алаяқтардың бірі зейнеткерді алаңдатады,екіншісі ақшаны ұрлайды.
Осындай фактілердің бірі Қобда ауданының аумағында тіркелген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 55
жастағы тұрғыны анықталып, өз кінәсін мойындады. Соңғы, тергеу изоляторына қамалды,тергеу жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан облыс аумағында 206 алаяқтық фактісі тіркелді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті әр факті бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Қала мен облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына жол бермеу үшін сақ болып, күмәнді ұсыныстарға берілмеуді сұрайды.