Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерді жалға алған жігіт үйдегі мүліктерді тонап кеткен

Қарағанды облысы Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны пәтерді жалға алып, мүліктерін тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусымда Теміртау қаласының ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ол белгісіз бір адамның пәтерін алты айға жалға алғанын айтқан. Пәтер иесі өзінің тұрғын үйінің жағдайын тексеруге келгенде, жалдаушы ізін ғайып жоқ болған, онымен бірге пәтердегі мүлік те жоғалып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 500 мың теңгені құрады.

Полиция ұрыны анықтап, көп ұзамай оны қолға түсірді. Күдікті 22 жастағы жігіт болып шықты. Ол пәтерден ұрлық жасағанын мойындады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі “Бөтеннің мүлкін ұрлау” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру