Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жастағы ақтөбелік жауапқа тартылды

Ақтөбеде жүргізу құқығынан айырыла отырып, мас күйде көлік жүргізген 20 жастағы жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, 30 шілде күні сағат 04:00-де патрульдік полиция қызметкерлері Тургенев көшесі 38 үйде орналасқан “Оскар” караоке клубының жанында 20 жастағы жүргізушінің басқаруындағыHyundai I40″ көлігін тоқтатты, жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, көлікті масаң күйде басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлім “Мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік басқару құқығынан айырылған, Көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде транспорттық құралдарды басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойламаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру