Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар отбасына деген сағынышын қағаз бетіне түсірді

Қызылорда облысында сотталғандар отбасына деген сағынышын қағаз бетіне түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өмірде дұрыс жолды таба алмай білімсіздіктің әсерінен жат ағым жетегінде кетіп, адасудың салдарынан қылмысқа барғандар қаншама. Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде де осындай жаза басып, өз қателіктеріне өкініш білдіріп, өзегі өртенген сотталған адамдар жетерлік. Осы мекеменің психолог қызметкерлері сотталғандар арасында “Мына дүние қандай тамаша!” тақырыбында іс-шара өткізді.

Өз қиялымен отбасына деген сағыныштарын сурет салу арқылы қағаз беттеріне түсіріп, өмірдің мәні-отбасымен бірге болу екендігін түсініп, бейбіт өмір мен ашық аспан туралы ойларын сурет арқылы бейнелеп берді.

Сурет салу арқылы олар терең сезімдерін білдіруге, ішкі ойларын қалыптастыруға көмектеседі және әлсіздік, сабырлылық, эмоцияларын сыртқа шығара алады. Мекемедегі сотталған азаматтар өз ойларын, ішкі жан дүниесін психологтармен, яғни бізбен сөйлесу арқылы білдіріп отырады. Бұл азаматтармен карантин талаптарын сақтай отырып, психологиялық тренигтер де өткіземіз. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру біздің міндетіміз, – деді психолог Айдос Жүсіпбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру