Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досы телефонын тартып алып, жоқ болып кетті

Қарағанды облысында ер адамның телефонын тартып алып, қашып кеткен бұрынғы досы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусымда Сәтпаев қаласының полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол өзінің бұрынғы досы 26 жастағы жігітке қатысты шара қолдануды сұраған.

Күдікті жәбірленушінің қолынан 120 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткені анықталған. Полиция күдіктіні ұстады, оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі “Бөтеннің мүлкін тонау” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру