Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында фура өртенді

Атырау облысында фура өртеніп, дер кезінде өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 1 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 01:43-те диспетчерлік қызмет пультіне Тандай ауылынан алты шақырым жерде Атырау қаласы Махамбет ауданының тас жолында автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен кезде, “Renault Magnum 440″ маркалы фураның кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқандығы анықталды.

Атырау облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ-нің төрт қызметкері мен бір техникасы күшімен сағат 02:43-те өрт толығымен жойылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру