Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауылдасының ауласынан баған ұрлаған жігіт қолға түсті

Алматы облысында ер адам ауылдасының ауласындағы ағаш бағанды ұрлап кеткен, – жеп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусым күні Панфилов ауданының полиция бөліміне Көктал ауылының тұрғыны үй жанындағы сымдарды созу үшін сатып алған ағаш бағанының ұрланғаны туралы арызданған.

Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін бірден күдікті – азаматшаның көршісін анықтап, ұстады.
Бағанды тасымалдау үшін тұрғынның ешек арбасын пайдаланғаны анықталды. Бағанды жасырын түрде ешкім көрмеу үшін түнгі уақытта ұрлаған. Күдікті оны құрылыс материалы ретінде пайдаланбақ болған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғыны кешірім сұрап, ұрланған бағанды орнына қойды.

Жәбірленуші учаскелік инспектор Жарқын Мамытовқа кәсіби шеберлігі мен жеделдігі үшін шын жүректен алғысын білдірді. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру