Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй ішіне ұрлыққа түскен ұрылар ұсталды

Қарағанды облысында үй ішіне ұрлыққа түскен ұрылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

29 маусымда сағат 13.40-та Саран қаласының полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйелдің айтуынша, екі қаскөй екі қабатты жеке үйіне ашық тұрған есіктен кіріп, құны 230 мың теңгені құрайтын “Samsung” теледидарын ұрламақ болған. Үй иесінің күтпеген жерден келуі ұрыларды үрейлендірген. Теледидарды лақтыра салып, олар оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 44 және 43 жастағы екі ер адамды ұстады, олар мойындау көрсетпелерін берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-188-бабы 3-бөлігі “Бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру