Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы білім беру бөлімі өткізген тікелей эфирге қатысты

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Қарағанды облысы Нұра ауданының білім беру бөлімі өткізген тікелей эфирге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тікелей эфир “Отбасы сағаты” жобасы аясында жас ұрпақты отансүйгіштікке, өз еліне деген құрмет пен адалдық құндылықтарына тәрбиелеу мақсатында өтті.

Онлайн режиміндегі кездесуді аудандық ұстаздар кәсіподағының төрағасы Адамбай Мұстафин жүргізді. Генерал-майорға Ы.Алтынсарин атындағы мектептің директоры Татьяна Юнгенштейн және оқушылар түрлі сұрақтар қойды. Жанат Сүлейменов жерлестеріне өзінің балалық шағын, өмір жолын және қалай полиция қызметкері атануға болатыны туралы айтып берді.

Танымды әңгімесін жалғастыра отырып, ПД бастығы тікелей эфирге қатысып отырған балаларға:

– Сіздер – біздің болашығымыз. Сондықтан, жақсы оқып, әрдайым тәртіпті болып, үлкенге құрмет көрсетіп, алдарыңызға дұрыс мақсат қоя білсеңіздер, өмірде биік шыңдарға шығасыздар. Сіздердің әрқайсысыңыздың өз Отанын сүйетін, алған білімдеріңізді елдің игілігіне қолдануға дайын лайықты азамат болатындарыңызға сенемін, – деп атап өтті.

Облыстың ПД бастығы онлайн-кездесудің барлық қатысушыларына полицияның жұмысына қызығушылық танытқандарына алғыс білдіріп, Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру