Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында бір үйір жылқы иесіне қайтарылды

Жамбыл облысында бір үйір жылқы иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда Талас аудандық полиция бөліміне Тараз қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында 12-19 желтоқсан күндері аралығында Талас ауданы маңындағы мал жайылымынан 22 жылқысы белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін баяндаған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 12 млн теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мал иесі туыстарымен бірге жоғалған жылқыларды өз күштерімен 5 күндей іздеп таба алмағандықтан, полиция бөліміне жүгінген.

Жоғалған малдарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қатарынан 5 жедел іздестіру тобы, 5 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен бір тәулік ішінде 22 жылқы жайылымнан 25-30 шақырым жердегі құмды өлкеден толықтай табылып, иелеріне қайтарылды.

Жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде жылқы малдарын ешкімнің ұрламағаны, өз беттерінше жайылып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы анықталды.

Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында мал ұрлығының тіркелуі, өткен жылмен салыстырғанда -31,3%-ға (131-ден 90 дерекке) кеміп, ашылуы 48,8%-дан 55,2%-ға артты.

Мал ұрлығын жасағаны үшін 8 қылмыстық топ және 71 азамат құрықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру