Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында Наурыз мейрамы күндері полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Жамбыл облысында Наурыз мейрамы күндері полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында Наурыз мейрамын тойлау кезеңінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Өңірде 149 кең көлемді мерекелік және спорттық іс-шара, сондай-ақ 34 көкпар ойыны өткізілді. Қалада, ауылдық округтерде ұйымдастырылған іс-шараларда көптеген тұрғындар мен қонақтар жиналды.

Мерекелік алаңдарда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкері жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде аталған іс-шаралар барысында құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, жедел жағдайды бақылауда ұстап, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, мереке күндері олар адасып кеткен 11 баланы ата-аналарына аман-есен табыстады.

Полиция азаматтарды мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру