Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда пробация қызметінің инспекторына пара ұсынған азамат ұсталды

Жамбылда пробация қызметінің инспекторына бес мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда пробация қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған 29 жастағы жамбылдық азамат пробация қызметкеріне пара беруге оқталған.

Ол арам ойын жүзеге асыру мақсатында Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олжас Бектаевқа тәртіптік жауапкершілікке тартпауын өтініп, пара ретінде бес мың теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген.

Орын алған оқиғаға байланысты пробация қызметкерінің инспекторы сотталған азаматтың арам ойын басшылыққа хабарлады. Осылайша, департамент қызметкерлері жемқорлық дерегіне нөлдік төзіммен қарайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жамбылда пробация қызметкерлеріне 40 мың және 20 мың теңге көлемінде пара ұсынғандар құрықталған жазған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру