Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жалғызбасты сотталған аналарға көмек көрсетілуде

Ақтөбеде жалғызбасты сотталған аналардың жұмысқа шығуы үшін сәбилерін бескүндік мемлекеттік балабақшаға орналастыру көмегі ұсынылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде есепте тұрған жалғызбасты аналарға әлеуметтік-құқықтық көмектер беру, олардың қоғамға бейімделулеріне қолдау көрсету мәселелері Астана ауданы әкімдігінде өткен кездесуде айтылды.

Маңызды тақырып қозғалған іс- шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас мамандары, қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теологы және психолог маманы, сондай-ақ қалалық білім бөлімі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, олардың қоғамға бейімделулеріне ықпал жасау туралы тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің мамандары өз тарапынан бала тәрбиесімен жұмысқа шыға алмай жүрген жалғызбасты сотталған аналардың балаларын бескүндік мемлекеттік балабақшаға орналастыруға туралы көмек түрін ұсынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде бес жалғызбасты ана есепте тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру