Жамбылда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 37 қылмыс дерегі ашылды
Жамбылда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 37 қылмыс дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 19-23 шілдесі аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
– Бұл іс-шараның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ жол қауіпсіздігі, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.
Алдын алу іс-шарасына ішкі істер органының 650-ден астам қызметкері және әскери қызметшілер, қоғамның 30 өкілі тартылды және 232 бірлік автокөлік жұмылдырылды.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 52 қылмыс дерегі тіркелді, оның 37-сі “ізін суытпай” ашылды және 13-і бұрын жасалған.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген жеті адам ұсталды, жалпы салмағы жеті келі 659 гр марихуананы заңсыз айналымға салудың сегіз дерегі анықталды.
Тегіс ұңғылы атыс қаруын алып жүрудің немесе сақтаудың бір дерегі және суық қаруды алып жүрудің екі дерегі (аңшылық пышақ және қолөнер кастеті) анықталды.
Бұдан басқа, 2 557 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген, оның ішінде 254 – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық), 313 – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу), 310 – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) және 80 – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша (Тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзу). Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша (ҚР-да тұру ережелерін бұзу) 702 адам ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеу) бойынша 706 әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты жол қозғалысы ережесін бұзған 124 жүргізуші тоқтатылды, көлік құралын мас күйінде басқарудың 17 дерегі (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзудың 553 дерегі (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) анықталды.
Көші-қон заңнамасы желісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша (ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) ТМД азаматтарының 62 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Қабылдау-тарату орнына 40 адам, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына 105 адам орналастырылды. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған 1 302 пәтер және 2 614 есепке алынған, оның ішінде 479 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар тексерілді.
– Аталған іс-шаралар тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жедел жағдайды сауықтыру, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында өткізілді, – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.