Полицейлер бөтеннің көлігінен ақша жымқырған шымкенттікті қолға түсірді
Полицейлер бөтеннің көлігінен ақша жымқырған шымкенттікті қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үйінің ауласында тұрған көлігінен 180 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсетекен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған ер адам анықталып, ұсталды.