Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер дәнекерлеу аппаратын ұрлаған күдіктіні ұстады

Жамбылдық полицейлер дәнекерлеу аппаратын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Қаратау қаласының 74 жастағы тұрғыны шағымданды. Ағымдағы жылдың 13-нен 14 шілдесіне қараған түні белгісіз адамдар оның көлік жөндеу орнынан құны 80 мың теңге тұратын дәнекерлеу аппаратын жасырын ұрлап кеткен.

Жедел әрекет ету нәтижесінде полиция қызметкерлері 56 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру