Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да кептірілген марихуана сақтаған жігіт жауапқа тартылды

ШҚО-да кептірілген марихуана сақтаған жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерімен жас жігіттің жемпірінің қалтасынан құрамында қара-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар орама тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат шамамен төрт грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталды. Жас жігіт өзі тұратын ауылдың шетіндегі жабайы қарасораны жұлып, оны сату мақсатынсыз өзі пайдалану үшін сақтағаны белгілі болды.   

– Жігіт бұрын сотталмаған. Бұл оның алғашқы соттылығы. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін оған 120 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалып, пробация қызметінің есебіне қойылды. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД Глубокое аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Мақпал Омарова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру