Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізді

Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда “Қарасора – 2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі инспекторларымен және облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметімен бірлесіп, Тараз қаласының көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтер құқық бұзушылықтарды, соның ішінде есірткі, психотроптық және синтетикалық заттарды тұтынуды анықтауға бағытталған.

Тексеру барысында 12 ойын-сауық мекемелерінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына (Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтың 15 дерегі анықталды. Осы бап бойынша 15 АЕК мөлшерінде – 43 755 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы қаулысына сәйкес, тексерумен қамтылған барлық ойын-сауық мекемелерінде қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуға қатысты ақпараттық парақшалар таратылды.

– Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау) әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Осы бапты бұзу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне150 мың теңге мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 мың теңге мөлшерінде айыппұл салу, сондай-ақ ҚР ҚК 299-1-бабы (Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) бойынша жаза, яғни 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстық жауаптылық қарастырылады, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру