Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер кезекті рет тұрғындарды қабылдады

Жамбылдық полицейлер кезекті рет тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілдеде Жамбыл облысы Полиция департаментінің фронт-офисінде ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Тайбеков кезекті рет өңір тұрғындарын арыз-шағымдары бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен кісі өліміне қатысты қылмыстық істер, жол-көлік оқиғасы деректері бойынша қылмыстық істерді тергеу, істерді қарау кезіндегі созбалаңға салу, жалған құжат жасаушыларға шара қолдану, несие алуда алаяқтарға алданғандары және басқа да жеке сұрақтары бойынша шағымданды.

Ербол Тұяқұлы әрбір арызданған тұрғынды мұқият тыңдап, қарастырылып отырған мәселеге қатыстылығына байланысты тікелей жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мұндай сипаттағы қабылдау шаралары “халық үнiн еститін мемлекет” тұжырымдамасын жүзеге асыруға, облыс тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге, сондай-ақ өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

– Қабылдауға жазылған барлық тұрғынның шағымын тыңдадым. Кейбір мәселелер осы жерде заңды шешімдерін тапса, ал енді бірқатар арыздарды жан-жақты зерделеу үшін уақыт қажет болатынын түсіндірдім. Жалпы, азаматтармен кездесуді апта сайын өткізудеміз. Кез-келген тұрғын алдын-ала жазылып, көкейіндегі мәселесін айтуға құқығы бар. – деді Ербол Тайбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру