Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық студенттердің қатысуымен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында семинар өтті

Жамбылда 300-ден астам студенттің қатысуымен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық» факультеті студенттерінің қатысуымен «Жастар есірткіге қарсы” тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізді.

Семинар барысында 300 студентке есірткіге қарсы түсірілген бейнероликтер көрсетілді, спикерлерге өзекті сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Кинология қызметкерлері Мэри есімді қызметтік иттің қатысуымен қойылымдар көрсетілді.

– Есірткі құралдарының заңсыз айналымы аумақ, ұлт таңдамайтын, аса маңызды жаһандық әлемдік мәселелердің бірі болып табылады. Нашақорлықты кейде инфекциялық емес эпидемиялық ауру деп атайтыны да бекер емес. Есірткі затын қабылдағаннан кейінгі иллюзияның қысқа кезеңі жаратылыстың бұзылуына алып келіп соғады. Баршаңызды еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпыға бірдей проблемадан тыс қалмауға шақырамыз, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру